Текст
12.02.2026
Жас натуралистер станциясының тәрбиеленушілері педагогтармен бірлесе отырып «Қаңғыбас жануарларды тамақтандыр» және «Қыста құстарды қорғаңыз» экологиялық акцияларына белсенді қатысады.
Іс-шаралар барысында балалар жем жинауды ұйымдастыруға көмектеседі, жем салғыштар жасап, жануарлар мен құстарды қоректендіруге қатысады, сондай-ақ құрдастары мен ата-аналары арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Педагогтар балаларға бағыт-бағдар беріп, қолдау көрсетеді, олардың бойында жауапкершілік, қамқорлық және тірі табиғатқа деген ізгі қарым-қатынас сезімін қалыптастырады.