28.04.2026
2026 жылғы 16–17 сәуір күндері Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Қосымша білім берудің республикалық оқу-әдістемелік орталығы ұйымдастырған Республикалық үйлестіру кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті.
Іс-шараға еліміздің барлық өңірлерінен өкілдер қатысып, қосымша білім беру жүйесін дамытудың өзекті мәселелері мен жаңа бағыттары талқыланды.
Аталған отырысқа "Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімінің Кийма ауылы жас натуралистер станциясы» КММ директоры Морозова Ирина Сергеевна да қатысты.
Эколого-биологиялық бағыттағы секцияда Ирина Сергеевна «Қосымша білім беру ұйымдары жағдайында балаларға практикалық-бағдарланған экологиялық білім беру» тақырыбында баяндама жасады. Өз сөзінде ол станция жұмысының тәжірибесін ұсынып, балалардың экологиялық мәдениетін практикалық іс-әрекет арқылы қалыптастыру жолдарын көрсетті.
Кеңеске қатысу тәжірибе алмасуға, өзекті мәселелерді талқылауға және қосымша білім беру жүйесін дамытудың келешек бағыттарын айқындауға маңызды алаң болды.