"Ақмола  облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Қима ауылының жас натуралистер станциясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Станция юных натуралистов села Кийма отдела оразования по Жаксынскому району управления образования Акмолинской области"кті

    Файл:Instagram icon.png — Википедия

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Экскурсия

28.04.2026

22 сәуір күні Қийма ауылындағы К. Үскенбаев атындағы жалпы білім беретін мектепте Жақсы ауданынның әкімі Қадралина А.А.-ның ауданның дарынды балаларымен кездесуі өтті.
Аталған іс-шара аясында қонақтар үшін Жас натуралистер станциясына экскурсия ұйымдастырылып, оған 11 юннат қатысты. Экскурсия басында қонақтарды станция директоры Морозова Ирина Сергеевна қарсы алып, әкімді құттықтап, мекеменің қызметі туралы қысқаша ақпарат берді.
Одан кейін «Балалардың эко-шығармашылығы» атты көрме ұсынылды. Станция юннаты Ирина Чересков табиғи және қайта өңделетін материалдардан жасалған қолөнер бұйымдары туралы айтып, тәрбиеленушілердің шығармашылық қабілеті мен экологиялық ойлауын көрсетті.
Ерекше қызығушылық тудырған бөлім – жылыжайға жасалған экскурсия болды. Юннаттар өсімдіктер туралы айтып, олардың ішінде 2004 жылдан бері өсіп келе жатқан олеандрды таныстырды. Сонымен қатар, станция аумағында ерекше ағаш — Сиверс алмасы өсетіні атап өтілді, ол мәдени алма сорттарының арғы тегі болып саналады.
Сондай-ақ тірі бұрышқа жасалған экскурсия да өте танымдық болды. Қонақтар оның тұрғындарымен танысты: қызылқұлақ және құрлық тасбақалары, ахатина ұлуы, балықтар мен хомяк.
Экскурсия жоғары деңгейде өтіп, қонақтарға жағымды әсер қалдырды және өскелең ұрпақты экологиялық тәрбиелеудің маңыздылығын айқындады

Просмотров: 690


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст